«Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамыту бойынша әлеуметтік қызметті (жалпыұлттық жобаны) әзірлеу және іске асыру» тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

Жоба атауы: Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және  дамыту бойынша әлеуметтік қызметті (жалпыұлттық жобаны) әзірлеу және іске асыру
Грант иегерінің атауы: «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі
Грант атауы: Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және  дамыту бойынша әлеуметтік қызметті (жалпыұлттық жобаны) әзірлеу және іске асыру
Грант бағыты: Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау
Жобаның мақсаты: «МЕН.KZ» (Мәнгілік ел нұры) жалпыұлттық жобасын жасау және жүзеге асыру арқылы жастарды әлеуметтендіру және дамыту.
Жобаның міндеттері:
1.    Жастарды дамыту мен әлеуметтендіруге уәждеу үшін жүйелік шараларды қабылдауға бағдарланған бірыңғай жалпыұлттық тұғырнаманы құру, соның ішінде жастар арасында   волонтерлік   қызметті   дамыту,   жастарды спортпен  айналысуға  жаппай  жұмылдыру,  сондай-ақ жастар  саясатын  дамыту  және  қолдау.  Тұғырнаманың негізі  кез  келген  саладағы  жетістіктерді  растайтын атақтар берумен конкурстар мен жарыстар жүйесі болуы тиіс;
2.    Жалпыұлттық  жобаны  әзірлеу үшін сарапшылар (соның  ішінде  өңірлерден)  пулының  жұмысын  құру және қамтамасыз ету;
3.    Жалпыұлттық  жобаны  іске  асыру  кезінде  соның ішінде мемлекеттік   органдардың ведомоствоаралық өзара  іс-қимылын  ескере  отырып,  заңдық,  ұйымдық сипаттағы мәселелерді әзірлеу.
Жобаның бюджеті:  7 978 000  теңге
Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  21 шілде – 21 қараша 2017 ж.
Қазіргі жағдайы: Қазіргі таңда әлеуметтік қызметтің жұмысын және көшпелі отырыстарды ұйымдастыруға дайындықтар жүріп жатыр. Шетелдердегі аталған жоба сияқты жалпыұлттық жобалардың жүзеге асырылуына талдау жасалуда.
Аралық нәтижелері:
•    Жалпыұлттық жобаны жасау үшін жұмыс тобы құрылды, оның құрамына мемлекеттік орган, «Жастар» ҒЗО» ЖШС, азаматтық қоғам институты, ҮЕҰ өкілдері енгізілді;
•    Жалпыұлттық жастар жобасын жасау мен талқылау бойынша 8 (сегіз) жұмыс тобының кездесуі өткізілді;
•    Жалпыұлттық жастар жобасының жоба тұжырымдамасы жасалынды.

Байланыс ақпараты: 010000, Астана қаласы, Жұбанов көшесі,10, 8 701 399 65 41, Zhasulan2020@mail.ru