«Оралмандар қатарындағы жастарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу бойынша іс-шаралар» тақырыбындағы гранттың жүзеге асырылуының аралық қорытындысы

Жоба атауы: Оралмандар қатарындағы жастарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу бойынша іс-шаралар
Грант иегерінің атауы: «Жанашыр» Халықаралық қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры
Грант атауы: Оралмандар қатарындағы жастарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу бойынша іс-шаралар
Грант бағыты: Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау
Жобаның мақсаты: Оралмандар  қатарындағы  жастарды  әлеуметтік-мәдени бейімдеу бойынша ағымдағы ахуалды талдау. Оларды   әлеуметтік   бейімдеу   бойынша   қадамдық жоспарды әзірлеу. Тиімді әлеуметтік-мәдени бейімдеу жөніндегі әдістемелік құралдарды әзірлеп шығару.
Жобаның міндеттері:
•     Оралмандар қатарындағы жастарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу бойынша бірнеше іс-шаралар ұйымдастыру;
•     Оралмандар  қатарындағы  жастарды  әлеуметтік-мәдени бейімдеу бойынша ағымдағы ахуалды талдау;
•    Оларды   әлеуметтік   бейімдеу   бойынша   қадамдық жоспарды әзірлеу.
•    Тиімді әлеуметтік-мәдени бейімдеу жөніндегі әдістемелік құралдарды әзірлеп шығару.
Жобаның бюджеті:  2 000 000 теңге
Жобаны жүзеге асыру мерзімі:  2017 жылдың 21 шілдесі – 21 қарашасы
Қазіргі таңда жоба аясында оралмандардың әлеуметтік-мәдени бейімделуі бойынша әдістемелік материал дайындалып жатыр.
Аралық нәтижелері:
•    «Оралмандар қатарындағы жастарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу бойынша   іс-шаралар» жобасы аясында жоспар жасалды;
•    Күніне 24 сағат бойы жұмыс жасайтын оралмандарға ақпараттық-түсіндірмелік көмек пен кеңес беру бойынша жеке номермен (8 727 9-73-85-33, 8 700 973 85 33) жедел желі қызметі ұйымдастырылды;
•    Тұран университетінің базасында «Оралмандардың бейімделуі бойынша әлеуметтік қызметті тиімді ұсыну мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Байланыс ақпараты: Алматы қаласы, 050005, Абай даңғылы-143, 403 кеңсе, Тел/факс 8 727 249 95 90, 30 36 806, Эл.адрес: zhanashyr@mail.ru