Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар бойынша төртінші байқау жеңімпаздары анықталды

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР БОЙЫНША ТӨРТІНШІ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Ағымдағы жылғы 21 қазанда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – АБҚО) мемлекеттік гранттар конкурсының сараптамалық комиссиясының отырысы өтті, оның аясында 5 үкіметтік емес ұйымнан 2 грант тақырыбы бойынша ұсынылған 6 өтініш қаралды.

Сараптамалық комиссия қарау нәтижелері бойынша  қорытынды шығарып, ҮЕҰ-ды гранттық қаржыландыру операторы ретінде АБҚО-ңа 2 тақырып бойынша ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттарды беруді ұсынды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес АБҚО мемлекеттік гранттарды беруге комиссия ұсынған өтініштерді  бір жұмыс куні ішінде шығындардың негіздемелері мен гранттардың бағытына сәйкестігі тұрғысынан қарады.

Нәтижесінде ҮЕҰ-ға 2 мемлекеттік грант беру туралы шешім қабылданды.

Мемлекеттік гранттар бойынша үшінші байқаудың нәтижелері  төменде берілген:
1. Мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар мен дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісін жетілдіру – «Жастар Үні» жастар қоғамдық бірлестігі, 5 970 000 теңге.
2. Дәстүрлі рухани құндылықтарды қолдау бойынша орталық жұмысын ұйымдастыру – «Дінтанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігі, 25 000 000 теңге

Конкурсқа қатысқан барлық үкіметтік емес ұйымдар кері байланыс үшін 67-81-88, 67-81-84 телефондары арқылы, сондай-ақ info@cisc.kz электронды поштасы арқылы устіміздегі жылдың 3 қазанға дейiн АБҚО-ға хабарласа алады.