Қазақстандық хакер Yahoo компаниясына шабуыл жасағанын мойындауы мүмкін

Халықаралық желілік шабуылмен айыпталған қазақстандық хакер, сейсенбі күні 2014 жылғы Yahoo компаниясының (Yahoo! Inc. /YHOO) қауіпсіздік жүйесіне шабуыл жасау ісіне тікелей қатысты деген айыпты мойындайды деп күтілуде. АҚШ-тың Федералдық айыптау актісінде шабуыл жоспарын ресейлік шпионның жоспарлағаны айтылған. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.

22 жастағы Қазақстан және Канаданың азаматы Карим Баратов биыл наурызда Торонтода ұсталған. Көп өтпей АҚШ шенеуніктері федералдық шағым жариялап, Баратовты екі ресейлік тыңшымен бірлесіп  Yahoo компаниясының деректерін ұрлады деп айыптады. Бұл туралы Баратовтың адвокаты түсінік беруден бас тартты.

Солтүстік Калифорния сотының веб-сайты көрсетілуінше, Баратов сейсенбі күні таңертең болатын АҚШ Федералдық судьясы Винс Чхабрия (Vince Chhabria)  төрағалық еткен Сан-Францискодағы сот отырысына қатысады делінген. Сонымен бірге, Баратов бұл отырыста өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуіне мүмкіндік береді.

Дерек көздерінің мәліметіне қарағанда, Баратовтың адвокаты мен федералдық айыптаушылар арасындағы ұзақ уақытқа созылған келіссөзден кейін, Баратов кінәсін мойындайды деп күтілуде екен. Қазіргі уақытта кінәлі өтініштің шарттарын анықтау мүмкін емес, және екі жақ та ұсынылған келісімді жою туралы шешім қабылдай алады.

Ақпарат“The Qazaq Times”сайтынан алынды.