Әлемге әйгілі актер Джеки Чан «Жуйин» («Айдаһар») деп аталатын кеме сатып алды.
Кеменің ұзындығы 38,1 м, ал ені 7,4 м құрайды. Және оның корпусында Джеки Чанның логотипі бар.
Бортында караоке залы, кинотеатр, сауна мен жаттығу залы бар. Кеменің қабырғасы мен едені ағаштан, жиһазы қара теріден тігілген. Сондай-ақ кемеде тікұшақ қонатын алаң да бар.
Актер кемені жаңа фильмін түсіру үшін алғанын айтады.