Қоғамдық орынды ластап, айыппұл төледі

Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұнайлы аудандық ІІБ-нің алдында, яғни қоғамдық орында өзінің шеккен темекісінің қалдығын белгіленбеген жерге тастап, қоғамдық орынды ластау дерегі бойынша аудандық сотта А. Караджановқа қатысты әкімшілік ісі қаралған.

Сурет: telegraph.co.uk

Сот,  құқық бұзушының өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкінуін ескеріп, сотпен жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылуына байланысты, құқық бұзушыны ҚР-ның ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш 22690 теңге айыппұл салынды.