Қазақтың жері кең болса да, астанасында көлік қоятын орын жоқ

Қазақтың жері. оның ішінде Сарыарқасы кең. Бірақ, Астанада көптеген ғимараттарға барсаңыз, көлік қояр орын таппайсыз. Діттеген жеріңе жетсең де, сол араны шарқ ұрып неше айналасың. Себеп, сол баяғы автотұрақ азабы.  «Сәулеті сүйсіндіретін сол жағалауды неге сонша іркес-тіркес салды екен? Әлде қазақта жер жоқ па?» деген ой келеді. Кеңес үкіметі кезінде салынып кеткен жоқ, бертінгі жылдары бой көтерді. Жолдары да тар, оның жартысына Bus line жолақ сызылған. Яғни, автобустар жүреді. Әсіресе сол жағалаудағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бас ғимаратына барып көрген шығарсыз? Банкты бес рет айналсаңыз да орын табу қиын.

Халық ығы-жығы ең көп жиналатын банктың сиқы міне осындай. Егер үй мәселесімен банкке бармақ ойыңыз болса бірден айтайық. Жаяу немесе таксимен барғаныңыз абзал. Егер өз көлігіңізбен бару үшін таң сәріден барып, мына жерден орын алып алу керексіз.

Автотұрақ жоқ емес, бар. Бірақ ол банк басшылары мен қызметкерлердің орыны. Ол жерге сізді ешкім кіргізбейді.

Банктың алдында бір көлік әрең өтетін жол бар. Ол жолдың сиқы мынау.

Сіз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне кыстың күні немесе көктемде көлікпен барып көрдіңіз бе? Мына тар көше көк тайғақ мұзға айналады. Жағалай тұрған көліктердің біріне сүйкеніп өтесіз.

Сүйкеніп өтіп кетпесін деп көліктерін кейбіреулер осылай да қойып кетеді.

Айтпақшы, жаман жолдан бөлек мынадай тесіктерді көрсеңіз көңіл аудармай-ақ қойыңыз. Бастысы қауіпсіз, орын тауып алсаңыз қуаныңыз.

Иә, дәл сол жерден сәл ғана жүрсеңіз Халыққа қызмет көрсету орталығын байқаған боларсыз. Мына қара джиптің иесі көлігін көлденеңдеп қойып кетіпті. адамдар айналып өтіп жатыр.

Бордюрға бұлай шығарып қоймаса, жол жабылады. Сондықтан қара джиптің қожайынын кінәлап керегі де жоқ.

Бордюрға джип сияқты шыға алмайтын басқалар осылай қойып кетуге мәжбүр.

Бос орынға таласып кейде керілдесіп, төбелесерге дейін баратындар бар. Бірі кіре алмаса, енді бірі шыға алмай әлек. 

Кейбірі осылай жолды жағалай қойып кетеді.

Ал көлігіңізді көшеге тастап кетсеңіз, нөміріңізден әп-сәтте айырыласыз.

Бұл сол жағалаудағы халықтың ең көп баратын бас ғимараттары. Ал, минситрліктер мен жоғарғы сот жақты біз айтпасақта түсініп отырған боларсыз. Елорда әлі де көркейіп, сәулетті ғимараттар бой көтереді. Бірақ, ең бірінші автотұрақ ойластырылса екен. Мейрамханалар мен түнгі клубтардың алдында осындай мәселелер жоқ шығар. Себебі, олар ең бірінші әңгімені автотұрақтан бастайды.

Санат НҰРБАЙ