Қайрат Нұртастың жаңа фильміне 18+ деген шектеу қойылды

Қайрат Нұртастың жаңа фильміне «18+» жас шектеуі қойылды.

Алдын-ала көрсетілімнен кейін белгілі болғандай «Арман» фильмінде зорлық-зомбылық пен қатыгездік кадрлары бар.

«Фильм дистрибьюторы «Sulpak cinema» ЖШС аталмыш фильмге прокатқа шығару куәлігін алғаннан кейін, индексті «Е18″-ге дейін жоғарылатуға өтініш берген. Себебі, фильмде зорлық-зомбылық пен қатыгездік кадрлары бар. Сондықтан, фильмге жас шектеуі қойылған», – деді Мәдениет министрлігі өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне.