ТҰҢҒЫШ ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕР

Кеңес үкіметі тұсында әскери журналистика жақсы жолға қойылған еді. Себебі, соғыс жылдары журнлаистер от пен оқтың арасында жүріп, майданның тыныс-тіршілігімен таныстырады. Ел тәуелсіздік алғалы бері мемлекетте әскери  журналистика кенжелеп тұрды. Бейбіт елде «Арнайы әскери журналистерді дайындайтын оқу орнының қажеті бар ма?» деген сұрақ болды.

Биыл Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті тұңғыш рет әскери журналистерді оқытып шығарды. Енді аталмыш оқу орнының түлектері әлемедгі алмағайып қақтығыстар болып жатқан елдердегі шиеленістерді сауатты жазып, жеткізеді деген ойдамыз.