Алматыда қырық гей-клуб бар

Біз ар-намыстан айырылып барамыз. Қазақтың тарихын бір кісідей білемін. Қазақтың ұғымында жезөкшелік деген болмаған. Тәнін тұрмақты арын  сатпаған. Ал, қазір бір ғана Алматыда қырық гей – клубтар жұмыс жасайды. Кезінде Алматының әкімі Ахметжан Есімов болғанда да мен осы мәселені көтеріп, өзіне сұрақ қойғанмын. Бірақ күні бүгінге дейін ол аты жаман клубтар жұмысын жалғастыруда.

Қазақтың қыздары шет елдің азаматына тұрмысқа шығудан да көш бастап тұр. Тоғыз жарым мыңға жуығы басқа ел еркегінің етегін ұстап кетті.  Қазақ жері мен қызын қадірлгеген. Ал осылай жағаса беретін болса 22 ғасырда қазақ ұлты болмай қалуы әбден мүмкін. Осыны ойланайықшы!

Сәдібек ТҮГЕЛ,
Жазушы, журналист