Той жасаудан жарысып болып, енді аспен ойнап азайық дедік пе?

Той жасаудан жарысып болып, енді аспен ойнап азайық дедік пе? «Біреу тойып секірсе, біреу тоңып секіреді». Той кортежінде тікұшақпен жүріп, тойбастар табағын лимузинмен таратқан қазағым-ай. Енді қабырғадан бәйтерек жасау қалыпты. Бәйтерек емес-ау, қойтерек.

Әйтеуір тойға келгенде жаңалықтың жаршысымыз. Кәдімгідей, өнертапқышпыз. Он мың долларға отандық әншілерді әкелетіні былай тұрсын, шет елдің жұлдыздарын еш қымсынбай шақыратынын қайтерсіз. Аталарымыз «Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес» деуші еді сол бір нәубетте. Мына жасағандары тойынғандық шығар. Қабырғаны қаламай, кәдімгідей табақпен тартса тамақтан өтпей қалама сонда?

Санат НҰРБАЙ