Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы қаншаға өсуі мүмкін?

 

Қазақстанның жанармай бекеттерінде бензин бағасы Ресейдің көтерме бағалары мен үстеме шығындарға тәуелді Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы литріне 157 теңгеге дейін өсуі мүмкін, деп мәлімдеді «ҚазМұнайГаз Өнімдері» операциялық басқармасының бас директоры Нұркен Мырзағалиев.

«Баға көтерме тасымалының бағасына тәуелді, бағаның өзі Ресейдегі баға есебінен анықталып, өзіндік құнына қосылады. Яғни көтерме бағаға біздің үстеме шығындар – тасымалдау, сақтау және ең төмен маржа қосылады. Сол бағада сатамыз. Болашақтағы импортты ескере отырып, болжайтын болсақ, 92-ші бензиннің литрі  155-157 теңге тұратын болды», — деді Мырзағалиев.

Ол Қазақстанның кей өңірлерінде бензин талонмен сатылатынын айтып өтті.