Астана көшелерінде жаңа жолдар салынбақ

Астанадағы автокөліктердің оңға бұрылуын реттеуге бағдаршамдардың мүмкіндігі жетпейтін қиылыстар анықталды. Сондықтан 38 қиылысқа жанама жол салу жоспары әзірленді. Қалалық Қоғамдық көлік басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердиевтің айтуынша Астанада көлік инфрақұрылымын дамытудың бес жылдық жоспары бар.

Мұнда басымдық көшелер мен даңғылдарды байланыстыруға, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамытуға беріледі. Сонымен қатар Үлкен және Кіші айналмалы жол құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Сонда транзиттік көліктердің қалаға кіруі азаяды.