Балық аралас жаңбыр жауды

Мексиканың Тампико қаласында аспаннан балық жауды, деп хабарлайды НУР.КЗ  сайты Lenta.ru порталына сілтеме жасап.

«Ломас-де-Росалес ауданының тұрғындары қызықты жағдайға куә болды. Жаңбырлы күні аспаннан көлемі аса үлкен емес балықтар қоса жауған», — делінген аймақтың Азаматтық қорғаныс департаменті таратқан мәлімдемесінде.

Арнайы органдар балық аралас жауған жаңбырдың АҚШ-та болған дауылмен байланысы бар болуы мүмкін деген болжам жасады.