Қытай мектептерінде оқушыларға Димаш Құдайбергеннің әні үйретілуде

Қытай мектептерінде оқушылар Димаш Құдайбергеннің «Ұмытылмас күн» әнін үйреніп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат әншінің Инстаграмына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бұл әнді (авторы – әншінің өзі, сөзін жазған – Орал Байсеңгір) Димаш Құдайберген Қытайда өткен «I am a Singer» халықаралық музыка байқауының 10-турында қазақ және қытай тілдерінде шырқап, үшінші орын алған болатын, бұл оның байқау финалына өтуіне мүмкіндік берген.