ЭКСПО-ның сыртқы көріністері

Бүгін халықаралық көрме ашылғалы бері алғаш рет сол жаққа маңайлап бардық. Сырт жағынан қарасаңыз, өзгеге қалай екенін білмеймін, маған қатты әсер етпеді. Оған себеп, төмендегі видео мен суреттер топтамасы.

Кедендік аймаққа кіретін қақпа сым темірмен байланып қойылыпты. Автоматика! Көгалдандыру мәз емес сияқты. Жас қайыңдар ерте сарғайып жатыр әлде қурап кеткен бе? Зағиптар жолының бітер тұсы дұрыс жасалмаған. Жер астынан бірдеңе қылтиады. Орындық енді өте жақсы және сапалы екен. Сол тротуардан ЭКСПО-ға қарағандағы көрініс. Зағип жандарға арналған тротуар бүлінген.