Банк клиент құжаттарын қоқыс жәшігіне лақтырған

Астана қаласында «Казкоммерцбанк» АҚ клиенттерінің жеке куәліктерінің көшірмесі және тағы басқа құжаттар қоқыс жәшігінен табылды.

Қоқысқа тасталған құжаттар мен хаттамаларды суретке түсіріп әлеуметтік желінің қолданушысы Тимур Асылханов жариялаған.

«Мен таң қалып тұрмын! Бүгін Күйші Дина көшесі, 31 ғимараттағы «Казкомбанк» бөлімшесі өздерінің 2016 жылғы клиенттерінің құжаттарын қалай жойып жатқанын көрдім,-деп өзінің фейсбук парақшасына бірнеше суреттер салған.

Сондай-ақ, ол – Клиенттердің жеке мәліметтерінің құпиялығы қайда?! Мұндай құжаттар банктің мұрағатында сақталуы керек немесе шредер арқылы жойылу керек қой», — деп.

Осының нәтижесінде кінәлі деп танылған банк жетекшісі жұмыстан шығарылған.