Біле жүріңіз: Прокурордың 100 кеңесі

Соңғы уақытта еліміздің Бас прокуратурасы көптеген жаңашыл бастамаларды қолға алып жатқаны белгілі. Солардың бірі «Прокурордың 100 кеңесі» деп аталады. Бұл жоба арқылы қоғамдағы құқық бұзушылық мәселелері бойынша ең негізгі деген мәселелер бойынша жауап таба аласыз.

Жоба арқылы Сіз отбасы, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау, бизнес, еңбек қатынастары, құқық қорғау органдарымен қарым-қатынас, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл, алаяқтардан сақтану, сот органдарымен қарым-қатынас сияқты мәселелер бойынша өте жақсы кеңестер мен мағлұматтар ала аласыз.

Сонымен қатар бұл жобаның мобильді құрылғыларға арналған программасы арқылы да толыққанды мәлімет ала аласыз.