«БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылыққа «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін Ұлттық Интернет Ассоциациясы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрілігінің қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грант арқылы қаржыландыруымен, сондай-ақ,«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ының ақпараттық қолдауымен «БАҚ қоғамдағы құқық бұзушылыққа «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті.

Шараға қоғамдық ұйым өкілдері, журналистер мен танымал блогерлер қатысты. Дөңгелек үстел барысында қоғамдық бақылау   және   ақпаратқа   қолжетімділік құралдарын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын-алу мәселелерін медиа кеңістікте көтеру жайын сөз етіп, ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстел барысында азаматтық  қоғам   саласындағы   өзекті  мәселелерді қозғайтын ақпараттық материалдарды интернет кеңістікте, әлеуметтік желілерде және блогтарда жариялаудың тиімді жолдары да сараланды.

Сондай-ақ, журнлаистер мен блогерлерден бөлек адвокаттарда құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге қатысты пікірлерлерін ортаға салды.

Сонымен қатар, осы тақырып бойынша журналистер мен блогерлер арасында арнайы конкурс жарияланады.

Сонымен қатар, осы тақырып бойынша журналистер мен блогерлер арасында арнайы конкурс жарияланды. Конкурстың ережесі қосымша сайтта жарияланатын болады.

 

Шарадан кейін «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі блогерлермен кездесті.