Трампқа амандаспай қойған әйел – видео

Кеше Полшаға ресми сапармен барған АҚШ президенті Доналд Трамп бір ыңғайсыз жағдайға тап болды. Ыңғайсыз ғана жағдай емес, жалпы оның беделін түсіретін оқиға деп те қарастыруға болады.

Поляк елі президентінің әйелі ресми протоколдық кездесуде Трамп мырзаны жер етіп кеткен сияқты. АҚ үй қожайыны полшалық әріптесі Анджей Дудамен қол алысқаннан кейін, оның жұбайына қол соза бергені сол еді, Агата Корнхаусер-Дуда оны елеместен өтіп кетіп, Милани ханымға ғана қолын берді.

Бұл жағдаят әдейі жасалды ма, әлде кездейсоқтық па оны сол кездесудің басты кейіпкерлері ғана біледі.

Нүктекейзет