Ақтауда атыс болып, бір адам ұсталды (ВИДЕО)

Ақтауда 15 қыркүйекке қараған түні полиция қызметкерлері 6 және 8-ықшамауданның арасындағы жолды қоршауға алып, оқиға орнында тергеу шараларын жүргізді. Куәгерлер төрт адамның төбелесі жайлы, сондай-ақ атыс болғаны және бір адамның ұсталғаны жайлы айтып берді, – деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасап Tengrinews.kz.

«Атыс естілді. Төбелескендердің бірі ұсталды. Бір ер адамның жерде жатқанын көрдік. Соған қарағанда өліп қалған сияқты», – деді куәгерлер. Басылым тілшісі жасаған суреттерден оқиға орнына тергеушілердің, полицейлер мен арнайы қызметтің келгенін көруге болады. Жерде бір ер адам екпетінен жатыр, тағы біреуінің қолын қайырған, кейін ол патрульдік көлікке отырғызылады.