03.01.2019 жарияланған мақалалары

Ұлылық ұлағаты

Қазақстанның Халық жазушысы Қалтай (Қалиолла) Мұхамеджанов өз мақсатына жету үшін өзгелердің мүдделеріне қаяу түсірмей, керісінше, олардың таланттарына табынып, ағалары мен інілерінің ақыл-кеңестерін бойтұмарындай қастерлеп, өзінен кейінгілердің кемел келешектеріне сенім ұялатып, жігерлерін жанып отыратын жан еді. «Халық жауының баласы» ретіндегі басынан өткізген ауыр ғұмыры арқылы балалық шағы әркімге жалтаңдаумен өтті. Қиын уақытта маңдайынан сипайтындардың аздығынан аталарын пір тұтатын табын ағайындардың ортасын паналап, сонда өсті. «Аға», «іні» деген қазақтың қасиетті сөздерінің Алла, ана, нан, ата, аға сияқты қалай оқысаңыз да, мағынасын өзгертпейтін сөздер қатарында тұратындығын Қалағаң терең түсінген тұлға.

03.01.2019(34)