12 2018 жарияланған мақалалары

Қазақ қазақты идеал етсін

Лев Толстой: «Идеал болу – баршаны жақсы көру және өзіміз қаламайтынды өзгеге жасамау» деген екен. Жалпы, идеал идеология бар жерде туындайды. Себебі бүгінде көп адам ешкімді идеал тұта бермейді. Қоғам мен адамның өзгеруі осыған себеп шығар. Адамдық кұндылықтар сынға ұшырап, жақсы мен жаманды айыра алмайтын немесе айырғымыз келмейтін заман болып тұр.

27.12.2018(28)

Батаменен ел көгерер

1991 жылы қараша айында еліміздің  Президенті Н.Назарбаев қазақтың қасиетті Шыңғыстауына – Абай, Шәкәрім, Мұхтардай ұлылар туған топыраққа келіп тағзым етіп, халқымен дидарласқан-ды.

26.12.2018(28)

Домингомен ән айтқан

Елімізде өнерімен елді тәнті етіп, шетел асып жүрген музыканттар аз емес. Солардың бірі – «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» опера және балет театрының жетекші солисі Медет Шотабаев.

25.12.2018(44)

Абай – мұхит

Режиссер Асқар Тоқпанов бірде Мұхтар Әуезовтен:

24.12.2018(33)

Суыққа сыр бермейтін сырбаз

Аязда шолақ жең көйлекпен жүрген адамды көрдіңіз бе?! Мұндай шыныққан азаматтар біздің қалада да тұрады екен. Солардың бірі – астаналық Қайырбек Аяшев. Магистратура, PHD докторантурада оқыған 38 жастағы жігіт – қазіргі уақытта елордадағы зерттеу институттарының бірінде ғылыми қызметкер. Сарышұнақ аязда аялдамадағы қалың киімді топтың арасынан еңсесін тік ұстап келе жатқан жейделі жігіт көзге оттай басылды. Ол Қайырбек екен. Суыққа сыр бермейтін сырбазды реті келгенде сұхбатқа тарттық.

23.12.2018(38)

Мұқағалидың ХХІ ғасырдағы егізі

Серік Тұрғынбекұлының «Мұқағали» поэтикалық драмасы (режиссері Болат Ұзақов) тарихи тұлғаны қайта тірілткендей әсер қалдырып, аталмыш туынды алғаш рет сахналанғаннан бастап халықтың өлшеусіз бағасына ие болып келеді. Ал қазақтың маңдайына біткен ақиық ақынның бейнесін сомдау бақыты бұйырып, бүгінде көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жүрген бірден-бір актер, ол Жанқалдыбек Төленбаев екенін өнерсүйер қауым жақсы біледі. Алаш жұртына Мұқағали бейнесімен танымал Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Астана қалалық Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері Жанқалдыбек Төленбаевпен сұқбаттасудың сәті түскен еді.

22.12.2018(48)

Тектінің тұяғы

Сарбаздар сапында салмақты орны болса да, сардар болуды мақсат тұтпағандықтан, өздерінің соқпағымен сан саланы сағалап, сары даланың төсінде жүрген сақа сарбаздарымыздың саны жетерлік. Солардың бірі – ән-күй пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп жүрген запастағы лейтенант, күйші Жұмағазы Кәкімжанов.

21.12.2018(44)

Өрмекші адам

Астанада күнге шағылысатын биік әрі шыны ғимараттар жетіп артылады. Олардың мұнтаздай таза болып тұруы үшін міндетті түрде өндірістік альпинистердің жұмыс күші қажет. 

21.12.2018(43)

Әл-Фараби достық туралы

Бір-біріне жау адамдардың да екі түрі болады. Бірі - өшпенділігі мол, жаулығы басынан асқан адамдар да, екіншісі көре алмаушылықтан жауығатындар.

20.12.2018(69)

Жетес бидің тоқтамы

О, қасиетті ата! Ат берсеңіз — өліп қалады, тон берсеңіз — тозып қалады. Оданда өлмейтін, тозбайтын тағы бір бұйымтайымды айтайын

19.12.2018(37)

Жасанды көрік жақсылыққа әкелмейді

Қолдан жасалатын «Ай қабақ, алтын кірпік» қыз біткенді көрікті етіп көрсететіні сөзсіз. Сол себепті қыз-келіншектер кірпіктерін ұзарту үшін косметолог мамандардың қызметіне жүгініп жатады. Алайда бұл кәсіпте мемлекеттік стандарт әлі де жоқ екен. Негізі кез келген жасалатын кәсіп үшін стандарт қойылып, салық төленуі қажет. Ал стандарт болмаған жағдайда, дәл сол кірпік жабыстырған әйелдің көз жанарына зақым келетін болса, маманды жазалап, қандай да бір өтемақы төлеттіре алмайды. Табыстары жаман емес кірпік жасайтындар қазір көптеп кәсіп ашып алып, тіпті, үйлерінде де адам қабылдай береді екен. Ал олардың көбі еш жерде тіркелмеген, тиісті квалификациялары мен медицинадан да хабарлары жоқ. Жасанды кірпік өсіру жолдарын қаламыздағы сән салондарының бірінің маманынан сұрап көрген едік.

19.12.2018(50)

Қайран, Жүрсін…

Екі оттың ортасына түскен Жүрсін Ерман бауырыма осы жолы жаным ашып кетті! Қалай дегенмен де айтыстың әкесі осы еді ғой? Қайран, Жүрсін... Жүрегіңе абай бол, бауырым?!.

18.12.2018(43)

Жаңа жылды тойлау дұрыс па?

Бүкіл әлем елдері келер жылды күтіп, шад-шадыман көңіл күймен тойлап жатқанда, тым-тырыс ұйықтап жатқанымыз қалай болар екен?

18.12.2018(58)

Мәскеу әлемдегі ең ақылды қала атанды

Биылғы рейтинг қорытындысы бойынша Нью-Йорк пен Токионы қосқанда әлемнің жетекші 30 мегаполисін артқа тастаған Ресей астанасы Мәскеу жер шарындағы ақылды қалалар көшін бастады, деп хабарлайды "Вечерняя Москва" газеті №231 санында.

18.12.2018(46)

АҚШ-тағы ағылшын-қазақ азаматы

Өскемендегі №44 қазақ орта мектебінің (қазір лицей-гимназия) директоры болып істейтін құрдасым әрі сыйласым Таңатқан Түменбаевтан естіген осы бір ауызекі әңгіме арада біраз жыл өтсе де әлі күнге дейін есімнен шыққан емес. Қайта мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты немесе қазақ тілін оқып-үйрену, оқып-үйрету жолдары, соған деген ынта-ықылас, тіпті жалпы халқымыздың үлгі-ұлағатқа толы салт-дәстүр, қасиеті тілге тиек етіле қалған жерлерде әркез жадымда қаз-қалпында жаңғырып тұратын болды. Реті келе қалса айтып та жіберіп жүремін. Енді, міне, сол шағын хикаяны жазбаша түрде өзімше мәнерлей жеткізудің сәті түскен сыңайлы...

18.12.2018(39)