Nukte.kz > Slider > Мақала мазмұны

Жастар жылы: Астанада қандай жаңалық?

Қазіргі уақытта Астанада «2019» қысқа нөмірімен call-center жұмысы іске қосылды. Бұл туралы Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қала активімен өткізген жиында мәлімдеді. 

– Call-center жастарға жұмысқа орналасу, кәсіпкерлікпен айналысу, тұрғын үй алу және білім беру мәселелелері бойынша жан-жақты құқықтық кеңестер береді. 2018 жылдың басында елордада 16 аула клубы болса, қазір оның саны 32-ге жетті. Осы жылы аула клубтарының санын кем дегенде 50-ге дейін өсіру жоспарланып отыр. Бұл ретте, «Жастар» сарайының жанынан Жастар ресурстық орталығын ашуды ұсынамын. Ол қаладағы барлық жастар ұйымдарының институционалдық қызметтерінің сапасын жақсартатын және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын арттыратын орталық болады. Сонымен қатар онда Азаматтық бастамалар орталығы мен «Рухани жаңғыру» жобалық орталығы орналасады, – деді Бақыт Сұлтанов.

Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының аясында бірнеше виртуалды музейлер мен Бозоқ тарихи-мәдени кешенін құру жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» жалпыұлттық тарихи-реконструкциялар клубын құру және оның негізінде Астана мен еліміздің өзге де өңірлерінде көне сақтар, ғұндар, ұлы түркі қағандарының дәуірі тақырыптарында фестиваль өткізілмек. Сол сияқты «Киелі Астана» жобасы аясында тарихи ескерткіштерді зерттеу үшін 4 археологиялық ескерткіштер аумағында ғылыми экспедициялар ұйымдастырылып, имидждік өнімдер де шығарылатынын айтқан қала басшысы мұның барлығы елордадағы туризмнің іскерлік келбетін ғана дамытып қоймай, тарихи-мәдени әлеуетін де арттыратынын атап өтті.

Дәукен ТҰРДАШ

Сурет: astana-akshamy.kz

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*