Nukte.kz > Кеңес > Мақала мазмұны

Әл-Фараби достық туралы

Достықтың екі түрі болады. Оның бірі – адал дос та, екіншісі —айнымалы дос. Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қарап, одан айырылып қалмау жағын көздеген дұрыс, адамдар бір-біріне жақсылық, өзара қамқорлық жасауы қажет. Жақсы достың сенімін ақтаған абзал. Осындай достар ащы-тұшыны бірдей татысып, нені болса да бірдей көретін болады.

Жалған досқа адам өзінің құпиясын, мінез-құлқындағы кемшілігін айта берудің қажеті жоқ. Осындай жалған достарды адал жолға түсіру үшін қажымай-талмай жұмыс жүргізген ғанибет. Бір-біріне жау адамдардың да екі түрі болады. Бірі – өшпенділігі мол, жаулығы басынан асқан адамдар да, екіншісі көре алмаушылықтан жауығатындар. Бұлардың біріншісінен ерекше сақ болып, олардың ой-пікірін үнемі қадағалап, біліп жүру, осындай адамдардың арам ниетін біліп қана қоймай, тиісті жерінде аямай әшкерелеу қажет.

Бейтарап адамдардың да жолдастық, достық жөніндегі ұғымдары мардымсыз болады. Бұлардың өшпенділікпен жұмысы жоқ, кейде дұрыс ақыл-кеңес беретіндері де кездеседі. Бірақ, олардың айтқан пікіріне сын көзбен қараған дұрыс. Бейтарап адамдардың адалдығына көз жеткенше оларға дос адамдай беріліп кетуге болмайды. Жақсы ой-тілектегілері араз адамдарды татуластыруға, олардың арасында қарым-қатынасты қайта орнатуға жәрдемін тигізеді. Сондықтан бұларға көңіл бөліп, іс-әрекетіне демеу беріп отыру қажет. Ақымақ адамдарды да асқан төзімділікпен тәрбиелеп, байыптылықпен қарым- қатынас жасап отырған абзал.

Сурет: pdc.msk.ru

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*