Nukte.kz > Slider > Мақала мазмұны

Илья Ильин «Катар кубогы» халықаралық турниріне қатысады

Катар астанасы Дохада 19-23 желтоқсан аралығында «Катар кубогы» халықаралық турнирі өтеді. Ауыр атлеттердің бұл бәсекесі 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі аясындағы жарыстар қатарына енеді.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Дохадағы дода олимпиадалық салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Жарысқа Қазақстан атынан 9 ауыр атлет қатысады. Олардың қатарында Илья Ильин де бар.

Сондай-ақ «Катар кубогы» халықаралық турнирінде Арли Чонтей (61 кг), Игорь Сон (61 кг), Фархад Харки (67 кг), Нижат Рахимов (73 кг), Айдар Қазов (81 кг), Рүстем Сыбай (96 кг), Карина Горичева (64 кг) және Раушан Мешітханова (87 кг) Қазақстан намысын қорғайды.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*