Nukte.kz > Slider > Мақала мазмұны

Мерекеде автобустар көбейтіледі

«Astana LRT» ЖШС мәліметінше, мереке күндері елордадағы қоғамдық көліктің көп қолданылатын бағдарлары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады.

Биыл қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 4 күн демалады. Елорда тұрғындары ойын-сауық орындарына қатынауы үшін қалалық қоғамдық көліктің 20-дан астам бағдары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады.

Яғни, автобустардың саны көбейеді. Аталған бағдарларда интервал 15-тен 10 минутқа дейін азаяды.

Осылайша, қысқартылған интервалмен келесі қалалық бағыттар қатынайтын болады: №№ 2, 3, 4, 7, 8, 10, 12, 17, 18, 19, 22, 24, 33, 37, 39, 40, 47, 48, 51 , 70, 71.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*