Nukte.kz

Қоғам 2 бет

АҚШ-тағы көшбасшы қазақ қызы

Әсел Аяпова – Орал қаласында туып-өскен қарапайым қазақ қызы. Жасы 38-де. Үш баланың анасы. М.Ломоносов атындағы ММУ-ді, Варшавадағы Леон Кузьминский академиясы жанындағы бизнес мектебін бітірген. Стэнфорд және Джордж Вашингтон университетінде білімін жетілдіруде. Қазір АҚШ-тың AES корпорациясының Арлингтондағы штаб-пәтерінде жұмыс істейді. Осы корпорацияның әлемнің 16 еліндегі халықаралық инновациялық бағдарламасын ұршықша иіріп, басқарып отыр. Таң қаларлығы, ол жобаларды басқару саласындағы 14 жылдық тәжірибесінде 12 түрлі салада жұмыс істеп, жиынтық бюджеті 1 млрд АҚШ долларын құрайтын 30-дан аса жобаларды табысты аяқтаған.

08.01.2019(125)

Баланың тәбеті

Тамаққа тәбеттің болмауына көбіне тамақ үстіндегі жағымсыз эмоциялар себеп болады. Әйел еріне «бүгін Серік екілік баға алып келгенін», немесе «Жүніс көршінің терезесін таспен атып, сындырып қойғанын білесің бе?» дейді. Міне әңгіме осыдан басталып, балаға бір ұрсып, бір зекіріп, ақыл айтылады. Бала қызарады, көзіне жас толады, оған тағы зекіріп — «неғып отырсың, іш тамағыңды» делінеді.

04.01.2019(62)

Ұлылық ұлағаты

Қазақстанның Халық жазушысы Қалтай (Қалиолла) Мұхамеджанов өз мақсатына жету үшін өзгелердің мүдделеріне қаяу түсірмей, керісінше, олардың таланттарына табынып, ағалары мен інілерінің ақыл-кеңестерін бойтұмарындай қастерлеп, өзінен кейінгілердің кемел келешектеріне сенім ұялатып, жігерлерін жанып отыратын жан еді. «Халық жауының баласы» ретіндегі басынан өткізген ауыр ғұмыры арқылы балалық шағы әркімге жалтаңдаумен өтті. Қиын уақытта маңдайынан сипайтындардың аздығынан аталарын пір тұтатын табын ағайындардың ортасын паналап, сонда өсті. «Аға», «іні» деген қазақтың қасиетті сөздерінің Алла, ана, нан, ата, аға сияқты қалай оқысаңыз да, мағынасын өзгертпейтін сөздер қатарында тұратындығын Қалағаң терең түсінген тұлға.

03.01.2019(38)

Қазақ қазақты идеал етсін

Лев Толстой: «Идеал болу – баршаны жақсы көру және өзіміз қаламайтынды өзгеге жасамау» деген екен. Жалпы, идеал идеология бар жерде туындайды. Себебі бүгінде көп адам ешкімді идеал тұта бермейді. Қоғам мен адамның өзгеруі осыған себеп шығар. Адамдық кұндылықтар сынға ұшырап, жақсы мен жаманды айыра алмайтын немесе айырғымыз келмейтін заман болып тұр.

27.12.2018(32)

Батаменен ел көгерер

1991 жылы қараша айында еліміздің  Президенті Н.Назарбаев қазақтың қасиетті Шыңғыстауына – Абай, Шәкәрім, Мұхтардай ұлылар туған топыраққа келіп тағзым етіп, халқымен дидарласқан-ды.

26.12.2018(32)

Домингомен ән айтқан

Елімізде өнерімен елді тәнті етіп, шетел асып жүрген музыканттар аз емес. Солардың бірі – «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» опера және балет театрының жетекші солисі Медет Шотабаев.

25.12.2018(46)

Мұқағалидың ХХІ ғасырдағы егізі

Серік Тұрғынбекұлының «Мұқағали» поэтикалық драмасы (режиссері Болат Ұзақов) тарихи тұлғаны қайта тірілткендей әсер қалдырып, аталмыш туынды алғаш рет сахналанғаннан бастап халықтың өлшеусіз бағасына ие болып келеді. Ал қазақтың маңдайына біткен ақиық ақынның бейнесін сомдау бақыты бұйырып, бүгінде көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жүрген бірден-бір актер, ол Жанқалдыбек Төленбаев екенін өнерсүйер қауым жақсы біледі. Алаш жұртына Мұқағали бейнесімен танымал Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Астана қалалық Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері Жанқалдыбек Төленбаевпен сұқбаттасудың сәті түскен еді.

22.12.2018(52)

Тектінің тұяғы

Сарбаздар сапында салмақты орны болса да, сардар болуды мақсат тұтпағандықтан, өздерінің соқпағымен сан саланы сағалап, сары даланың төсінде жүрген сақа сарбаздарымыздың саны жетерлік. Солардың бірі – ән-күй пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп жүрген запастағы лейтенант, күйші Жұмағазы Кәкімжанов.

21.12.2018(47)

Өрмекші адам

Астанада күнге шағылысатын биік әрі шыны ғимараттар жетіп артылады. Олардың мұнтаздай таза болып тұруы үшін міндетті түрде өндірістік альпинистердің жұмыс күші қажет. 

21.12.2018(47)

Жасанды көрік жақсылыққа әкелмейді

Қолдан жасалатын «Ай қабақ, алтын кірпік» қыз біткенді көрікті етіп көрсететіні сөзсіз. Сол себепті қыз-келіншектер кірпіктерін ұзарту үшін косметолог мамандардың қызметіне жүгініп жатады. Алайда бұл кәсіпте мемлекеттік стандарт әлі де жоқ екен. Негізі кез келген жасалатын кәсіп үшін стандарт қойылып, салық төленуі қажет. Ал стандарт болмаған жағдайда, дәл сол кірпік жабыстырған әйелдің көз жанарына зақым келетін болса, маманды жазалап, қандай да бір өтемақы төлеттіре алмайды. Табыстары жаман емес кірпік жасайтындар қазір көптеп кәсіп ашып алып, тіпті, үйлерінде де адам қабылдай береді екен. Ал олардың көбі еш жерде тіркелмеген, тиісті квалификациялары мен медицинадан да хабарлары жоқ. Жасанды кірпік өсіру жолдарын қаламыздағы сән салондарының бірінің маманынан сұрап көрген едік.

19.12.2018(54)

Қайран, Жүрсін…

Екі оттың ортасына түскен Жүрсін Ерман бауырыма осы жолы жаным ашып кетті! Қалай дегенмен де айтыстың әкесі осы еді ғой? Қайран, Жүрсін... Жүрегіңе абай бол, бауырым?!.

18.12.2018(48)

Жаңа жылды тойлау дұрыс па?

Бүкіл әлем елдері келер жылды күтіп, шад-шадыман көңіл күймен тойлап жатқанда, тым-тырыс ұйықтап жатқанымыз қалай болар екен?

18.12.2018(63)

Димаш Құдайберген «The Silk Road Cohesion Awards-2018» премиясының жыл әншісі атанды

Қытайдың Шанхай қаласында «The Silk Road Cohesion Awards-2018» атты халықаралық кинофестиваль өтті. Фестиваль аясында қазақ әншісі Димаш Құдайберген «Жыл әншісі» атағымен марапатталды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

17.12.2018(49)

Тәуелсіздік күнін әлем қалай тойлайды?

Тәуелсіздік күнін тойлаудың біздің елдегіден бөлектеу нұсқаларын білу бәріңізге қызық шығар?! Соны ескеріп, өзімізге ерекше көрінген АҚШ, Индонезия, Үндістан және Мексика тәжірибесін назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.

16.12.2018(60)

Мерекеде автобустар көбейтіледі

"Astana LRT" ЖШС мәліметінше, мереке күндері елордадағы қоғамдық көліктің көп қолданылатын бағдарлары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады.

15.12.2018(48)

Иесін өзі іздеп тапқан марапат

Абайтанушы Омар Жәлел: - Тыныштықбек Әбдікәкім ағам ерледі. «Мал, мақтан, құрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды һәм көрік болады (Абай). Мемлекеттік сыйлық ағамды өзі іздеп тапты,- деп нақ бағасын берген екен.

15.12.2018(70)

Ананың хаты

«Балаңыз хулиган, ұлтшыл, нашақор, халық жауы, сотталады. Түрмеде отырып шіриді. Совет үкіметіне қарсы шыққан. Дұрыс тәрбие бермегенсіңдер» - деген сөздерді естіп, тірі өлік болып жүргенімізді сездік.

15.12.2018(6352)