Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Оғыз Доған Эйр Астананы ақыры сотқа берді

Қазақ тілі үшін басы дауға қалған Оғыз Доған Эйр Астананы ақыры сотқа берді 

Қазақ тілі үшін басы дауға қалған Оғыз Доған Эйр Астананы ақыры сотқа берді. «Қазақ елі» журналының Қырғызстандағы тілшісі түркиялық азамат Оғыз Доған аталған әуе компаниясынан моральдық шығын талап етіп отыр.  Әзірге алғашқы сот отырысының қашан өтетіні белгісіз. Бұл іске двокат Абаз Құспанов өкілдік етеді. Адвокаттың айтуынша Оғыз Доған арызды кеш жазған.

Ал арыздың кеш жазылуын Оғыз Доған былай түсіндірді:

«Арызды дер кезінде жазған жоқпыз. Себебі, біз ресми түрде бірқатар қоғам қайраткерлері қол қойып «Эйр Астанаға» хат жазып, жауабын күттік. Өйткені оның белгілі бір күту мерзімі бар болатын»

 Еске салсақ, Оғыз Доған тамыз айының ортасында «Эйр Астана» әуе компаниясынан өзіне қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап етіп, соңы дауға ұласқан болатын. Осы себепті оны Алматы әужайында полиция бір сағат ұстап, артынша 6800 теңге көлемінде айыппұл салған еді.

Осы оқиғадан соң Оғыз Доған аталмыш әуе компаниясының қызметін еш пайдаланбапты. Бірақ көпшіліктен «Эйр Астананың» өз қызметін жақсартып, тілге қатысты оң өзгерістер болып жатқанын естігенін айтты.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*