Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Жылағаны үшін қос сәбиді тұншықтырып өлтірді

Жылағаны үшін қос сәбиді тұншықтырып өлтірді. Алматыда бір жастан енді асқан егіз ұлды өлтіріп, тоңазытқышқа тығып кеткен Өзбекстан азаматы сәбилерді қалай өлтіргенін айтты. Ал, нәрестелердің анасы азаматтық некедеге күйеуінің қылмысын жасыру үшін онымен бірге балалардың денесін сөмкеге салып, пәтерден-пәтерге қашып жүрген. Қолы қанға малынған екеу жасы үштер шамасындағы үлкен ұлдарынан да көз жазып қалған. Оны көшеде жылап жүрген жерінен қала тұрғындарының тауып алған.

 

Қанды қылмыстың жай жапсарын полицейлер айтты. Бір жастан енді асқан егіз ұлды айуандықпен өлтірген 29 жастағы Өзбекстан азаматы кінәсін толық мойындапты. Жұмыстан келгенде жылап мазасын алғаны үшін екеуін де буындырып өлтірген екен. Ал егіздердің анасы Алла Волченко бауыр еті балаларын өлтіріп жатқанда араша да түспеген. Тіпті азаматтық некедегі күйеуінің қылмысын жасыру үшін сәбилердің өлі денесін сөмкеге салып алып пәтерден-пәтерге қашып жүріпті.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілінің айтуынша – Екі азаматтың да тұрақты жұмыстары бар. Материалдық жағдайлары орташа. Сол балаларды баға алмайды деген болжам бірден жоққа шығарылды. Екеуі ішкілікке салынып балаларға қарамай қойған. Ер адамның айтуынша, балалардың мазасызданып жылай беруі олардың жүйкесін жұқартып кейін осындай қылмысқа бардым деп түсініктеме беріп отыр.

Балалардың мүрдесін тоңазытқышқа тығып тастап, арақ ішуден қолдары босамаған екеуі үш жастағы үлкендерін жоғалтып алады. Қала тұрғындары жылап жүрген баланы дер кезінде таппағанда, маскүнем ата-ананың тамақ сұрап шырылдаған сәбиге не істейтінін ойлаудың өзі қорқынышты.  Бұл тастандыны жайлы кешегі хабарымызда көрсеткен едік. Қазір, ол нөмірі екінші балалар ауруханасында дәрігерлердің бақылауында.

Алматылықтарды шошытқан қанды қылмысты әзірге көші-қон ережесін бұзып, елде заңсыз жүрген Өзбекстан азаматы жалғыз істедім деп бар кінәні мойнына алған болып отыр. Және ол Түркісіб ауданындағы пәтерді сәбилердің денесін жасыру үшін жалдағанын да айтқан. Бірақ, егіздерді қай уақытта және қай жерде өлтіргендерін естеріне түсіре алмапты. Ал нәрестелердің анасы Алла Волченко арақтан  әлі толық сауықпаған сияқты. Себебі екі бірдей сәбиі өліп, бір баласы жоғалған одан полицейлер ешқандай өкініш, қайғыру сезімін байқамадық дейді. Қылмыстары дәлелденсе бұл екі қаніпезер кемінде 20 жылға сотталуы мүмкін.

Бөлісу: 

Пікір 2

Міндетті*

  1. КТК: Бұл әйелдерге не болған? Бірнеше рет естідім осындай жағдайларды
  2. Ел: Барлығы жоқшылықтың кесірі