Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Семіздердің саны артып келеді

«Дұрыс тамақтанбаудың салдарынан оқушылардың арасында түрлі аурулар белең алып барады. Атап айтқанда, холецистит, панкреатит, гастрит, асқазан жарасы ауруы үлкен оқушыларды айтпағанда бастауыш сынып оқушылары арасында да кездеседі. Балалардың ағзасында дұрыс тамақтанбаудан зат алмасу процесі бұзылған. Сондықтан, семіздік 1990 жылдары 5 пайыз болса, қазір 15 пайызға артты», – деді Виктор Шин.

Оның айтуынша, қазіргі таңда мектептердегі тамақтану рационында регламент жоқ. Мектеп буфеттерінде түрлі консервантты сусындар, түрлі шоколадтар мен қуырылған бәліштер, чипсы, кириешки сияқты пайдасы аз тағамдар кедергісіз сатылады. Дәрігер оқушының рационы қандай болу керектігін айтты.

«Таңғы асқа бала жеңіл әрі сіңімді тамақ, ботқа, сүт ішуі тиіс. Түскі асқа жеңіл қорытылатын котлет, асылған ет, тефтель, піскен жұмыртқа, қанты аз нан жеуі тиіс. Тағамды шаймен ішпеген жөн. Шай тамақтың пайдасын жояды. Түсте жеміс-жидек, сүт өнімдерін ішуі тиіс. Таңғы асқа күндік рационның 35 пайызы, түскі асқа 40 пайызы, түсте 10 пайызы, кешкі асқа 15 пайызы ішілуі тиіс», – дейді маман.

Бөлісу: 

Пікір 3

Міндетті*

  1. Саламат: Семірмеегенде неше түрліні жейді
  2. Бекзат: Жалпы балалардың дұрыс тамақтануын қадағалау керек
  3. Нәзірет: Чипсы кериешки бургер жесе семіредте