Көлігіңізді енді техникалық байқаудан ақша беріп өткізе алмайсыз-Nukte.kz
Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Көлігіңізді енді техникалық байқаудан ақша беріп өткізе алмайсыз

Техникалық байқаудың ІІМ-нен жеке компанияларға өтуі салдарынан көлікті техникалық байқаудан қосымша ақша төлеу арқылы оңай өткізуге болатын. Тіпті көлікті стендеке кіргізбей-ақ, оның техникалық байқау қорытындысын өзгертуге мүмкіндік болатын. Енді ақпаратты біріңғай базағаға жіберу жүйесі өзгерді. Бұл процеске оператор араласа алмайды.

Бұрын техникалық байқау орталықтарында бағдарламалық қамту бойынша белгілі бір талаптар болмады. Комапаниялар бағдарламалық қамту жүйесін кез-келген құрастырушыдан ала алатын. Бастысы компьютерге ақпарат енгізіліп, техникалық байқаудың міндетті біріңғай ақпараттық жүйесіне жіберілсе болғаны.

Оның үстіне техникалық байқау жөніндегі деректерді қажетінше өзгертуге мүмкіндік болды. Мұндай жағдай автокөлік иелерінен ақша алуға үйренген жемқорларға ынғайлы еді. Ал жолда тіпті авариялық жағдайдағы көліктер де жүре беретін. Жарты жыл бойы біріңғай ақпараттық жүйе құрастырушылары техникалық байқау орператорлары қолданатын барлық бағдарламамаларды сараптамадан өткізді. Солардың ішінде тек алтауы ғана деректерді өзгертуге мүмкіндік бермейді екен: төртеуі ресейлік және екеуі қазақстандық. 2017 жылдың 20 тамызынан бастап жағдай өзгеріп отыр. Автокөлікті техникалық байқаудан өткізумен айналысатын кәсіпкерлер тек белгіленген бағдарламалық қамту жүйелерін қолдана алады.

Өзге бағдарламаларды қолдану тиісті органдар тарапынан бақыланып, жазаға тартылады. Бұл жүйе Қазақстан жолдарында техникалық талаптарға сай автокөлік санының артуына септігін тигізе ме, жоқ па, мұны, әрине, уақыт көрсетеді. Ресми деректер бойынша, биылғы жылдың сегіз айында Қазақстанда 1 млн 638 мыңавтокөлік техникалық байқаудан өткен.

Бөлісу: 

Пікір 3

Міндетті*

  1. Каке: Талай ақша беріп өтіп едік, енді қиындау болды
  2. 666: Ескі көлігі барлар сорлайды енді
  3. Керемет: Қысқасы өткізу құны қымбаттайды десендерші, ақша алатын адам бәрібір амалын табады