Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Астанада жоғалған 13 жастағы мектеп оқушысы Алсина Әдраева табылды

Астана қаласында 13 жастағы мектеп оқушысы Алсина Әдраеваны іздеу шаралары аяқталды. Полицейлер жедел іздестіру кешенді шараларын жүргізу барысында қыз баланың үйінен өз еркімен кетіп қалғанын анықтаған.

Алсина Әдраева

Құқық қорғаушылардың дерегінше, қыз бала Қарағанды облысына достарымен бірге өз еркімен кетіп қалған екен. Оған қатысты ешқандай зорлық-зомбылық әрекеттер жасалмаған. Қазіргі таңда қыз бала ата-анасының қолына табысталды. Мамандар оның отбасын бақылауға алып, профилактикалық шаралар жүргізуде.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*