Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Хиджаб киіп келген оқушыларды мектепке кіргізбеген

Жаңаөзенде мектеп директоры хиджаб киген оқушыларды мектепке кіргізбей қойған. Мектеп басшысы шағымын айтқан ата-аналарға жазбаша түрде түсініктеме жазған.

Мұндай шешімге келіспеген ата-аналар шағымын айтып, шу шығаруда. Ата-аналар ҚР заңына сәйкес кез келген баланың орта білім алуына құқығы бар екенін алға тартады. Ал, мектеп директоры хиджабтың бұйрыққа сәйкес келмейтінін айтып, мектепке кіргізе алмайтынын жеткізген.

“Мен сіздерге жазбаша түрде түсініктеме жазып бердім. Сондықтан бұдан әрі қарай осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына жүгіне аласыздар. Мен балаларыңызды мектепке кіргізе алмаймын”, – деп жазған екен мектеп директоры.

Инстаграм желісінің “Өмірлік кеңес” тобында Атырауда мектепке 200-ге тарта оқушының хиджаб киіп келгені жазылған.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*