Nukte.kz > Жаһан > Мақала мазмұны

Ленинге пародия жасаған Максим Галкин коммунистердің жаппай наразылығын туғызды

Қазір Каприде жұбайы Алла Пугачевамен бірге демалып жүрген Галкин бейнежазбаны Инстаграмдағы парақшасында жариялаған. Онда ол Владимир Ленинге пародия жасапты. Бұған ашуланған партия өкілдері болса бірнеше жылдан соң жұрт Галкин туралы ұмытады, ал Ленин мәңгілікке қалады дейді.

“Ұлы октябрь социалистік революяциясының 100 жылдығы қарсаңында оның мұндай әрекет жасауы еліміздің көптеген азаматтарының намысына тиеді. Ненің не екенін білмейтін бұл жас жігітті тоқтату керек. Және телеарналарға да шақырмау керек”, – деді партия өкілдері. Бұған жауап берген Галкин пародиясының еш сөкеттігі жоқ екенін айтқан.

“Мен саясаткердің сөзімнен лингвистикалық қате тауып беруін сұраймын. Және нақты қай жері ұнамағанын айтсын. Ал мен кімге қандай пародия жасағым келеді, оны өзім шешемін”, – дейді Максим.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*