Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Жолдарымыз неге жөнделе береді?

Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы  автокөлік жолдарын жөндеу шеңберінде Ә. Молдағұлова көшесінен бастап Московская көшесіне дейінгі учаскедегі Бекетай көшесі бойынша жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін көрсетілген учаскеде автокөліктердің қозғалысы жабылатын болады. Қала тұрғындары жолдың жыл бойы жөнделе бертініне наразы. Жолдардың жабылуы кептелісті көптеп тудырады. Жыл сайын жасалатын Кенесары көшесін жөндеу көлік жүргізушілерінің ашуын келтірді. Сапалы жасалған жол кемінде бес жылға шыдау керек шығар. Неге біз жылда жол жөндеуге құмармыз?

 

Бөлісу: 

Пікір 3

Міндетті*

  1. Жанар: Жасалмаса жасалмады дейміз, жасалса тағы сөйлейміз
  2. Тарлан: Жасалғаны әрине жақсы бірақ пробка ғой
  3. қазақ: Бұл қазаққа жақпайсың әйтеуір