Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

ҰҚК бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев жеті жылға сотталды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы соты.

 

Ақмола гарнизонының Әскери соты 2017 жылғы 24 тамызда Нартай Дүтбаевқа және істің басқа фигуранттарына қатысты қылмыстық іс бойынша шығарылған үкімін жариялады. Сот отырысы жабық жағдайда өтті. «Соттың үкіміне сәйкес Н.Н.Дүтбаев мемлекетті құпияларды жария еткені үшін ҚР ҚК 172 бабына сәйкес кінәлі деп танылып, қызметтік міндетін асыра пайдаланғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Н.Н.Дүтбаевты «генерал-лейтенант» әскери атағынан және мемлекеттік марапаттарынан айыру жөнінде ұсыныс енгізілді», — деп жазылған ҚР Жоғарғы соты таратқан хабарламада. Іс бойынша тағы бір фигурант Р.Ж. Мұратовтың осындай қылмыс (ҚР ҚК 172, 451-баптары) жасағаны дәлелденіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылды

Н.Б.Хасен мемлекеттік құпияларды жария еткені (ҚР ҚК 172-бабы) және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны (ҚР ҚК 308-бабы) үшін айыпты деп танылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырыла отырып, 5 жылға сотталды. Оның мемлекеттік наградаларын қайтару туралы ұсыныс енгізілді. Е.С.Нұртаев мемлекеттік құпияларды жария етуге көмектесуде кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, ол да өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Үкім заңды күшіне енбеді.

Бөлісу: 

Пікір 2

Міндетті*

  1. Гүлім: Осыларға сеніп халық отыр, бұлардың істеп жүргендері мынау.
  2. Достық: Осылар құртады, елдің дамымай отырғаны осылардан