Nukte.kz > Жаһан > Мақала мазмұны

Қытай хакерлері веб-камера арқылы бүкіл әлемді бақылап отыр

Қытай хаккерлері   веб-камералар арқылы әлемнің кез келген жеріндегі  пайдаланушылардың  құрылғыларына  ене алатын бағдарламаларды сата бастады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Росбалт ақпараттық сайтының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Мashable  ақпараттық сайтының хабарлауы  бойынша,  құрылғы  28 $ бағаланған.

Хаккерлер мессенджердегі топтық чаттар арқылы бағдарлама туралы ақпаратты бөлісіп отырған. Атап айтқанда,  олар  веб-камераларға  қосылу  үшін пайдаланушылардың аты мен құпиясөздерін жариялап отырған. Ондағы күнделікті тізімнің саны  200-400  құрайды.

Әккі айлакерлер аталмыш бағдарлама арқылы қолданушының  көмегінсіз-ақ жүйелік параметрлер мен құпия сөздерді өзгеру мүмкіндігіне ие болды. Сарапшылар  ондай келеңсіздікке тап болмас үшін, гаджет құрылығыларындағы қосымшаларды жиі жаңартуға кеңес беруде.

Шолушы: Ақерке Маратқызы

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*