Жалаңаш суретімен танымал болған полицей жұмыстан қуылды-Nukte.kz
Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Жалаңаш суретімен танымал болған полицей жұмыстан қуылды

Орал қаласының полицейі Ермек Каюпов өзінің желіде таралып кеткен жалаңаш суреттерінен кейін жұмыстан қуылды.  Ол суреті жарияланған кезде учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеген. 

«Лауазымынан босатылды. Қазір резервте тұр», – деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл полиция инспекторының суреті әлеуметтік желіде тамыз айының басында таралып кеткен еді. Әуелде ол жергілікті жезөкшелерді қорғаштап, сол үшін олардың «қызметін» тегін пайдаланып жүр делінген. Алайда кейін қыздың жезөкше емес, полицейдің танысы екендігі айтылған.

Ал полиция қызметкері болса аталмыш іске байланысты жәбірленуші есебінде арыз жазған.

Бөлісу: 

Пікір 3

Міндетті*

  1. Бекзат: Е осылар әбден күлкі боп бітті
  2. Дархан: фотосын неменеге бұлдыратады анықтап бермейме көрейікте
  3. Нұрым: Осыда жаңалық па?