Nukte.kz > Жаһан > Мақала мазмұны

Equifax дерекқорына жасалған хакерлік шабуыл Iphone сатылымына кері әсерін тигізуі мүмкін

Equifax агенттігіне жасалған шабуыл

Equifax – АҚШ 3 ірі кредиттік рейтинг агенттігінің бірі. Осы жолғы шабуыл барысында оның дерекқорынан 143 милн қолданушының жеке мәліметі(Аты-жөні, туған күні, мекен-жайы, SSN әлеуметтік қамсыздандыру нөмірі, несие картасының нөмірі, жүргізуші куәлігінің нөмірі т.б) ұрланды.

АҚШ-тың тергеу федералды бюросы мен Equifax жалдаған қ ауіпсіздік компания бірлесе оқиғаның мәнжайын анықтауда.

Equifax мәлімдеуінше хакерлік шабуыл мамыр-шілде айлар арасында жасалған, оны 29 шілдеде ғана байқаған, соңынан жедел тосқауыл қойылғанымен көптеген ақпарат ұрланды.

АҚШ-тағы iPhone жаңғырту бағдарламасының серіктесі Citizens Bank осы жолғы шабуылдан кейін Equifax мәліметіне сенімсіздік танытып отыр, нәтижесінде, кредитпен Iphone алып жүргендер биыл ала алмауы мүмкін.

Бөлісу: 

Пікір 3

Міндетті*

  1. Медғат: Мәссаған!!!! Мынау керемет ақпарат екен аааа
  2. Медет: Қалай ұрлайди осылар.
  3. Дүкенбай: Осылардың басын маған берсе ғой