Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Қазақ елінің астаналары жайлы бірер сөз

Ертең Астанамыздың Елорда мәртебесіне ие болғанына 19 жыл толады. Еліміздің бас қалалары бергі тарихта Алматы (1929-1997 жылдар), Қызылорда (1925-1929 жылдар), Орынбор (1920-1925 жылдар) және Семей (1917-1920 жылдар) болғаны белгілі.

1925-1929 жылдардағы астана – Қызылорда

 

Ал, арғы тарихты қарасақ, Түркістан, Сығанақ, Сарайшық, Янгикент, Қойлық, Баласағұн, Суяб және тағы басқалары еді.

Қазақ халқы Ресей патшалығына бодан болған кездері ресми астанасы болмапты. Бұл да сол кезеңдегі басқыншы мемлекеттің бізге деген пиғылы мен қатырм-қатынасын көрсетеді.

Әсем қала Алматы 1929-1997 жылдары бас қала болды

Қазіргі таңда бас қаламыздың сол жағалауында жаңадан көше аттары берілгенде тарихтағы астаналарды атымен атау идеясы өте жақсы бастама болды. Бертінге дейін ең ұзын және әдемі көше Орынбор еді, оны да елеусіз бір бұрышқа көшіріп тастады. Басқа басқа Орынбор көшесі бұрынғы орында тұрғанда кәдімгідей біреулерге сес болатын. Оның орнын қазір Мәңгілік ел басты. Өте қынжыларлық жай.

Алаш елінің астанасы – Семей

Сонымен қатар, бергі тарихымыздан ойып тұрып орын алатын Алаш астанасы – Семей қаласының атында сол жағалауда көше жоқ екен. Бұл сонда өз тарихымызды өзіміз елемегеніміз бе? Бұл мәселені редакциямыз Астана қаласының әкімдігіне ресми түрде сұрау салып, зерттейтін болады.

Серікқазы КӨКЕНАЙ

Суреттер Википедиа қоймасынан алынды.

Бөлісу: 

Пікір 4

Міндетті*

  1. : Арғы астаналар тарихы бұлдырлау. Бергі астаналарымыз туралы мәліметтерді дұрыстап алсақ та үлкен жетістік болар еді. Орынбордан айрылғанымыз жарайды, енді өз жерімізде тұрып оның көшесінен айрылып қалғанымыз масқара ғой!
  2. : Арғы астаналардың бұлдырлау ешеңесі де жоқ. Барлығы өз тарихымыз. Өзіміз осылай мойындамасақ, бізді кім мойындайды?
  3. : Ташкент туралы неге айтылмаған? Қытайдан Еуропаға апаратын Ұлы Жібек Жолындағы ежелгі қалалардың бірі болған. Б. з. д. II ғасырда қалалық қоныс ретінде Ташкент туралы алғашқы мәліметтер шығыс дереккөздерде пайда болған. Қазақтар Ташкенті 1586 жылы жаулап алған, ал 1630 жылы осы қала Қазақ хандығының астанасы болып бекітілген. Шамамен жүз жыл бойы Қазақ хандығының ордасы болған. Есім хан Ташкент басшылығын жойып, Ферғана қаласын жаулап алғанда, бейбітшілік үшін Самарқанд, Бұқара қалаларынан бас тартады. Ташкент астана мәртибесіне ие болғанда, мұнда жыл сайынғы Мәслихат (заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі ) жиналысы өткен. Бірақ та Ақтабан шұбырынды жылдарында (1723-1727) жоңғарлар қытайлықтармен бірлесіп, қазақтарға қарсы соғысып жүрген, осы кезде қазақтар Ташкент қаласынан айырып қалған. e-history.kz сайтынан
  4. луиза: өте жақсы