Біздің жастар нан сұрап төбелес ашқан жоқ!-Nukte.kz
Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Біздің жастар нан сұрап төбелес ашқан жоқ!

Қыркүйектің басында шағын конфликт түбінде бет бұрыс оқиға ретінде тарихқа енеді-ау деп ойлаймын. Өз өмірімде бірінше рет «Қайтпа, Қайтпа» деп айғайды салып жүрген жастарды көрдім. Бұл дегеніңіз жаугершілік заманмен бірге кеткен ұран еді ғой, қолданыстан шығып қалған архаизм деп жүрміз ғой. Сөйтсек жагершілік заманның белгісі ұлттық код ретінде жадыда сақталады да қажеттілік болса қайта шығады екен. Біз тамырдан қол үзбеген халық екенбіз, соған көзім жетті.


Екіншіден, қазақ жастары «Қазақстаным» деп ұрандатып жүр, елдің намысы үшін жанын қиюға дайын, қолдарында қару да жоқ. Бұқар жыраудың Бөгенбайды жоқтап «Қазақтың абырой -арына, сарып қалған бар күшін» дегені есіме түсті, «жалаңаш барда жауға шап». Біздің жастар нан сұрап, киім сұрап төбелесіп жүрген жоқ, қазақтың намысын кім көрінген келімсекке таптатпаймыз деп көшеге шықты. Бұл қазақтың ер- азаматтарының қанында жауынгер бабаларымыздың ержүректігі, намысқойлығы, ұлтшылдығы лүпілдеп соғып тұр деген сөз. 

Профессор Жамбыл Артықбай

Бөлісу: 

Пікір 4

Міндетті*

  1. Ердос: Дұрыс айтады. Толық қосыламын!
  2. Ернұр: азаматым-ай, рахмет аға, біз сізбен біргеміз
  3. Шырын: Расқо нан сұрап шыққан жоқ. Намыстан шықты. Қазақтар рухты халық. Басындырмайды ешкімді
  4. Нұрлыбек: Енді ешкімге ауыз аштырмау керек. Қай ұлт болса да. Сыйлаған сайын басынды