Мұғалім мұңын айтудан неге қорқады?

«Алты Алаштың басы қосылса – төр мұғалімдікі» деді, Мағжан Жұмабаев. Қазір төр кімдікі? Шенділер мен шекпенділердікі. «Ауызы қисық болса да, бай баласы сөйлесіннің» кері келген заман бұл. Білім жүесінде жасалған реформаларға қарасақ арба бірінші жүріп, ат екінші жүретін сияқты. Иә, айтпағымыз реформалар жайы емес, мұғалімнің мәртебесі.


«Бір әріп үйреткен ұстазға қырық жыл сәлем бер» дейді қазақ. Қырық жыл сәлемді қоя тұрыңыз. Мұғалімнің мұрнына жұдырық кезеп, аяғын қайшылап, мазақ қып тұрған оқушыны да көрдік. Кінә кімнен? Үйдегі ата-анадан ба? Бағындыра білмеген мұғалімнен бе?

Кеңес үкіметі кезінде кездескен баладан «Өскенде кім боласың?» деп сұрасаңыз дені «Мұғалім» боламын деп жауап беретін. Әрине ол кездегі мұғалімнің атынан ат үркетін. Олай дейтініміз оқушы көшеде мұғаліммен бетпе-бет кездесіп қалса көзіне тура қарамақ түгілі, кінәсіз бола тұрып, келесі көшені айналып қашатын.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары мұғалім мектептен кетті. Байтал түгіл бас қайғы, базар жағалады. Өскенде «рэкет» боламын дейтін балалар сол тұста пайда болды. Иә, айтпағымыз қазіргі балалардан «Өскенде кім боласың?» деп сұрап көріңізші. Әрине «Мұғалім боламын» дей қоймас.

Ауыл мектебінің біріне барып мынадай оқиғаға куә болдық. «Мектепке жол» атты акциясы бар екен. Тұрмысы төмен отбасы балалырына демеушілік көрсету, яғни әкімдердің қыспағымен кәсіпкерлер (кәсіпкерлер қайдан көмек берсін, сол мұғалімдерде баяғы) одан қала берді мұғалімдер ақша жинап, керекті қурал жабдықтарын бірінші қыркүйек күні салтанатты түрде алғашқы қоңырауда табыстайды екен. Сондағы алған баланың  бет жүзін көрсеңіз. Сыныптастарынан ұялып, кірерге тесік таппай намыстанады, қыз баланың жанары мөлтілдеп жасқа толады. Баланың намысын жерге таптатпай, дабыра қылып мақтанбай үйіне апарып ақырын бере салуға болмай ма? Әрине болмайды. Бәленшебай баланы қамтыдық деп жоғарыдағыларға есепті кім береді сонда? Тіпті есепті суретке түсіріп тұрып бертенін қайтерсіз.

Ауыл мұғалімдерінің жалақысы аудан бюджетінен бөлінеді. Сондықтан ауыл мұғалімдері аудан әкімінің ашса алақанында, жұмса жұдырғында. Қисапсыз көп сенбіліктер. Бітпей қалған мектептің құрыласында да  мұғалімдердің тегін жұмыс істеп жатқанын көз көрді. Мектептің айналасын қоя тұрып, төбесінің қарын күреуде мұғалімдердің меншікті міндетіне айналған. Алатын аз жалақысына зорлап барлық газет – жұрналдарға жаздыратынын тағы бар. Аудан немесе облыстан комиссия келе қалған жағдайды айтпаса да түсінікті. Күту үшін күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылады. Орынсыз акша жиналады, орынсыз шашылады. Қалаға семинарлар мен курстарға бару тағы бар.  Іс -сапар шығыны төленбейді, өз қаражатымен барып қайтады. Есепсіз көп отчеттар мен қағазбастылық өз алдына. Осыған төзбей қарсы шығып көрсін. Бірден жұмыстан қуылады. Ауылда мұғалімдіктен басқа қандай қызмет қалды? Көнеді және төзеді. Өгіз өмірі осылай жалғаса береді.

Мұғалімнің зейнеткерлік жасы. Ер адамдар 63-жас, ал 2018-жылдан бастап әйелдер үшін ұзартылатын болса 62-63 жастағы жүйкесі тозған, қалжыраған ұстаздан оқушы қандай білім алады. 25 – 30 жыл еңбек өтілімен ұстаздарды зейнеткерлікке жіберсе жастарға да жұмыс, орын табылар ма еді. Әрине барлық ұстаздар қауымына топырақ шашудан аулақпыз. Десекте ауыл мектебінде жұмысшы немесе еден жуушы болып жүріп, ақылы түрде сырттай оқу бітіріп, кейін мұғалім болып алған ұстаздарды да көрдік. Ол оқушыға қандай білім береді? Ойландыратын мәселе. Мәселен, медицинада сырттай оқу бөлімі жоқ. Дәрігер адам емдесе, мұғалім бала тәрбиелейді емеспе. Неге сырттай оқу бөлімін занды түрде шектемеске. Мұғалімнің беделі оның білімінде.

Еуропа елдерінде білім беру саласын каржыландыру көлемі-ішкі жалпы өнімге шаққанда 6-8 пайызды курайды. Жапония мемлекеті 12 пайызды курайды. Осының нәтижесінде Германия мемлекетінде мұғалім жалақысы 4 мың еуро, көрші Қытайда 1 мың АҚШ долларын құрайды. Ал, бізде мұ ғалім жалақысы 40-50 мың тенге, ал сынып жетекші болғанына қосымша 5-ақ мың теңге қосылады. Батыр Бауыржан Момышұлы «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да ұстаз өсіреді.Өмірге ұрпақ берген аналарымызды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды солай ардақтауға міндеттіміз «- деді. Ал мұғалімнің мәртебесі оның білімінде. Білімді ұстаздың беделін көтеру үшін тек жалақысын ғана көтеру керек.
Санат НҰРБАЙ

Сурет: gonzo.kz

Бөлісу: 

Пікір 9

Міндетті*
  1. : Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің-деген. Баланың үлкенге қарсы келуі,əке-шешенің кінəсі деп білемін.
  2. Күлəн: Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесін-деген.баланың үлкендерге қарсы келуі əке-шешенің кінəсі деп білемін.
  3. Нурзия: Министр мұғалімдер үй араламайды деп еді ғой , күнде сабылып жүр , обал
  4. Мұрат: Дұрыс айтылыпты. Мұгалім оқып мамандық алу керек. Ауылдағы мұғалімдер əртүрлі маман и тауыспаған(
  5. Мұғалім: Неменеге осыны жаза бересіздер? Ешқандай нәтиже жоқ. Одан да шешімін табу үшін нақты көмектесіңіздер!
  6. ермек: Жаза берген дұрыс.Ұра берсе құдайда өледі дейді
  7. Жанашыр: Мақалада айтылған мәселелер айнақатесіз шындық. Алайда мұғалімдер арасында күнкөріс үшін жүргендер де бар. Ұстаз мәртебесінің төмендеуіне сондайлардың да үлесі бар екенін ұмытпауымыз керек.
  8. Арман: Толық қосыламын, Санат Нұрбай азаматсың! Рас ауыл мектебінің жайы тура солай, мерекелеріңмен ұстаздар!!!
  9. Наз: еееее мұғалімдер ай