Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Мас болып көлік жүргізсең 10 жылға сотталасың!

Тәжікстанда кісі өлімі болған жол апатына кінәлі жүргізушілер 15 жылға бас бостандығынан айрылады.

 

Тәжікстанда парламентінің төменгі палатасы Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге өзгеріс енгізу жөніндегі ел президенті ұсынған жобаларды бірауыздан қолдады, деп хабарлайды news.tj.

Аталған өзгерістерге сәйкес, жүргізушілердің жауапкершілігі күшейтіледі. Тәжікстан ІІМ басшысы Рамазон Рахимзодтың мәлімдеуінше, жыл басынан бастап 20 тамызға дейін республикада 15 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 5 мың адам қаза тауып, шамамен 18 мың адам түрлі жарақаттар алған.

Министрдің айтуынша, жол-көлік апатын жасаушылардың 2,5 мыңы -жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізгендер және 1,7 мыңы – мас күйде көлік басқарғандар. Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодекстің жеке баптарына енгізілген өзгерістерге сәйкес, автокөлік басқару құқығынан айыру мерзімі 2 жылдан 10 жылға дейін арттырылып, қарастырылған жазалар түрі күшейтілді.

Абайсызда адам өліміне себепкер болатын немесе денсаулығына ауыр жарақат әкелетін мас күйде жол жүру ережелерін бұзу бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыра отырып, 10 жылға дейін белгілі бір лауазымдарды немесе қызметтерді атқару құқығынан қоса айыру жазасы қарастырылады.

Егер аталған жол апаты екіден артық адамның өліміне себепкер болса, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Бұған қоса, 10 жылдан 20 жылға дейін белгілі бір лауазымдарды немесе белгілі бір қызметтерді атқару құқығынан да айыру жазасы тағайындалмақ.

 

Бөлісу: 

Пікір 2

Міндетті*

  1. Мен: әкімшілік пен қылмыстықты біріктіру қисынсыз
  2. Жарас: бірікту емес ко