Құр талқыланбай, шешімі де табылсын!

«Қоғамда құқық бұзушылық кейінгі жылдары қатты белең алды, кеңес тұсында бүгінгідей түрлі сұмдықтарды естімей   тінбіз һәм көрмейтінбіз» дегенді жиі құлағымыз шалып жатады. Иә, ол кездерде әлеуметтік желі, интернет болған жоқ. Сондықтан көрмей, білмей, естімей қалатынбыз. Ал қазір қалай? Бүгін, болған оқиға, сол сәтте- ақ, әлемді шарлап кете барады. Сондықтан қоғамда құқық бұзушылық әр ғасырда, әр дәуірде, әр мемлекетте болған, болып та жатыр.

Бертінгі жылы тіпті қатты дендеп тұрғаны жасырын емес. Ғаламторды ашып қалсаңыз біреу бұзақылық жасайды, оны жапа-тармағай талқыға салады. Тіпті, екіге бөлініп алып бір жағы даттайды, екінші тарап жақтайды. Мәселенің майы шыққанша біраз жерге апарамыз. Тақырыптың қызығы кете бастай ма, әлде келесі біреу тағы бірдеңені былықтыра ма,  дүйім жұрт жаппай басқа тақырыпқа көшеді. Сол тағы да екіге бөлінеміз, жақтаймыз, даттаймыз тағысын тағылар, осылай кете береді, кете береді.

Ал, мәселе қалай шешіліп жатыр, не істеу керек, құр даурығып айғайлай бергеннен нәтиже шығарып жатырмыз ба? Осы мәселені ойланған дұрыс шығар. Иә, халық белсенді, проблеманы дер кезінде кезінде көтереді, ортаға салады. Ендігі кезек журналистер мен блогерлер қоғамдағы құқық бұзу фактілерін құр сөз жүзінде талқылап қана қоймай, талап қоя отырып кемшіліктердің жойылуына қол жеткізетін жұмыстар жасау керек шығар. Осындай көп талқыланған тақырыптардың бір-екеуін мысал ете кетейік.

 

Мәселен күні кеше ғана болған түрік азаматы Оғыз Доғанның басынан өткен жағдай. Дүйім жұрт болып талқыладық. Тағы да сол, жақтағандар көп болғанымен, даттағандарда аз болмады.  «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»
Заңның 56 бабы, 6 бөлігінде «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің кабина экипажының мүшелері жолаушыларға қызмет көрсетуде қазақ тілін еркін меңгеруге міндетті» делінген екен. Осы Заң бола тұра Оғыз Доған айыппұл төледі. Ешкім бұл мәселеге бей-жай қарай алмады. Бірақ түйіні не болды? Ит үреді, керуен көшедінің кері…..

 

Биыл ҰБТ-дан кейін тізімнен дау туып, білім және ғылым министрлігі түлектерге бөлінген гранттарының екінші мәрте жаңа тізімін жасады. Бұл жолғы дау, бұрынғы даудан өзерірек болды. Біреуінің мамандығы, енді бірінің түскен оқу орны ауысып кетіп жатты. Жоғары балл алғандар түсе алмай, төмен балл алғандардың бағы жанып жатты. Бірақ, уладық- шуладық, әйтеуір басылдық.

         Соңғы уақытта Сандуғаш Жұмабек есімді азаматшаның тағдыры әлеуметтік желіні қатты дүрліктірді. Тойларда ән шырқап, өзінің парақшасында ғибратты әнгіме айтып жүрген келіншек әр қаладан он төрт пәтер, оралмандардан «үй, азаматтық алып беремін» деп екі миллион доллар алған. Бұдан бөлек бір Астананың өзінде үш жүз миллиондай қарызы бар екен. Бір қарағанда көңілге қонбайтын, миға сыйымсыз оқиға. Бірақ белгілі заңгер Айгүл Орынбектің еңбегімен сот Сангдуғашты алаяқ деп айып тағып, бес жылға бас бостандығынан айырды.

         Иә, жіпке тізендей тізе берсең қоғамда құқық бұзушылық үдеп тұр. Бірінің шешімі бар, енді бірінің шешімі шексіз, күрмеуі күрделі. Енді кезек тәртіп бұзушылықтың алдын алу немесе оның шешілу жолдарына ерекше назар аударсақ. Осыған орай  құқық бұзушылық тақырыбына арналған блогерлер мен журналистер арасында конкурс ұйымдастырмақ ойымыз бар.

Жалпы жобаның мақсаты үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері және блогерлер арасында қоғамдағы құқық бұзу мәселесін көтеріп, оны қоғамдық талқыға салатын және нәтижеге жете алатын қызметті көрсететін интернет-ресурс жасау және оны сүйемелдеу. Азаматтық қоғам саласында өзекті мәселелер туралы материалдарды интернетке, оның ішінде әлеуметтік желілер мен блогтарда салу, талқылау және нәтижеге жету арқылы қоғамдық бақылау орнатуды жүзеге асырсақ па деген жоспарымыз бар!

 Санат НҰРБАЙ.

Суреттер google- ден алынды.

        

 

Бөлісу: 

Пікір 4

Міндетті*
  1. : тәртіп,тәрбие болмайтәртіп, тәрбие,керек. қоғамдағы келеңсіздіктердің алдын алу дурыс көтерілген бастама.Куптаймыз.
  2. Нұртай: Дұрыс, шешімін табу тиіс!
  3. Лашын: айтуга онай, шеше салу онай емес.
  4. Аяулы: Салалық журналистиканы дамыту керек дер едім. Қазір өзі құқық бұзушылық туралы жазу үшін де сауат керек емес пе?