Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Мағжан атылмаған

Мағжан 1938 ж атылмаған. Ол соғыс аяқталған соң да тірі жүрген. Бұл жайында Бауыржан Момышұлы: «Мен Мағжанның ажалына себепші болғандаймын. Соғыстан кейін Новосибирь қаласында дивизия командирі болдым. Бірде Совет Одағының маршалы əскери поездбен Новосибирь арқылы Қиыр Шығысқа өтетін болып, мен вокзалга келдім. Перронда состав келгенше ары-бері жүрдім.

Кенет көзім почта қоймасында жүк тасып жүрген азият адамына түсті. Қасына барып: «Қазақпысыз?»,- дедім. Аты жөнін айтқысы келмеді. Даусымды қайтайыңқырап тағы сұрағанымда: «Жастар сендер білмейсіңдергой. Мен Мағжан Жұмабаев дегенмін» ,- деді. Сол арада оқулықтан жаттаған » Шал» деген өлеңін жатқа айтып бердім. «Ə,мені ұмытпапсындар ғой. Біледі екенсіңдер ғой»,- деп кемсеңдеп өзімді сұрады. «Ə, Бакыржан Момышұлы деген сен екенсің ғой, естігемін.

Білемін»,- деді. Өтірік емес шын Мағжан екеніне көзім жетіп, лагерінің командирін сұрадым. Сол арада поезд келіп, сарт та сұрт басталып, мен асығыс рапорт беруге кеттім. Жарты сағаттан кейін келсем əлгі шал кетіп қалыпты. Лагерьдің командирін танитын едім, телефон шалып, Мағжан- қазақтың үлкен ақыны екенін, оны жеңіл жұмысқа ауыстыруын өтіндім. Ол келісті. Арада 3-4 ай өткенде əлгі лагерь бастығын көріп қалып Мағжанды сұрадым.

Сонда ол:»Жерлес ақыныңнан айрылып қалдық. Сен тапсырған соң оны хат тасушы етіп жеңіл жұмысқа ауыстырғанмын. Көктемде Енесей өзенінің сеңі бұзылған кезде почта таситын қайық аударылып кетіп, суға кетті. Сүйегін таба алмадық»,- деді маған. Міне, мен Мағжанның өліміне себепші болдым ба- деп ойлайтыным осы қарағым» (Т.Жұртбай «Ұраным- Алаш» 2 – том,401-402 беттер.)

Санат НҰРБАЙ

 

Бөлісу: 

Пікір 1

Міндетті*

  1. : Қап әттеген-ай, десеңші! Бауыржан алғашқы жолында алып кеткенде ғой, аман қалар ма еді. Бірақ тағдырдан асып қайда барасың?!