Nukte.kz > Slider > Мақала мазмұны

Неге Намаз араб тілінде оқылады?

Кейінгі жылдары барлығының айтып та, жазып та жүргені «Неге Құран, Намаз  араб тілінде оқылады? Неге өзіміздің түсінікті ана тілімзде оқылмасқа?» сынды пікірлер болатын. Осындай көптің көкейінде жүрген сұраққа  белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы өзінің Fasebook парақшасында былай деп жауап беріпті. Оқып, біліп жүрейік!

– Намазда мұсылмандардың Құран Кәрімнен сүрелер оқуға міндеттілігі бәрімізге белгілі. Мұсылмандардың өз тілдеріне, жергілікті жеріне қарамастан сонау Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар заманынан бұлжымай, заңдасқан бұл қағида келешекте де дәл осылай жалғаса бере ме?

Ең алғашында кез-келген адам үшін ана тілінде құлшылығын орындау – әрі жеңіл, әрі орынды көрінері рас. Алайда, мәселені егжей-тегжейлі қарас-тырар болсақ, кең көлемді түсінікке қол жеткізеріміз анық.

Ең алдымен тілек-дұға мен намаздың ара жігін ажыратып алған жөн. На-маздан тыс жасалатын тілектер мен дұғаларда мұсылман кісіге ішкі тілегі мен мұң-мұқтажын қай тілде айтып жеткізем десе де, бұған тыйым салын-баған.

Өйткені, бұл Жаратушы мен құл арасындағы жеке мәселеге қатысты. Ал намаз болса, ол жалпыға, жамағатқа тән құлшылық болғандықтан, намазға қосылатын басқа да мұсылмандардың қажет тілектерімен санасу керек. Негізінен намаз жамағатпен оқылуға тиіс. Бірақ жалғыз оқуға да рұқсат етілген.

Егер Ислам діні қандай да бір белгілі аймақтың яки белгілі бір ұлттың діні болса, онда ешқандай күмәнсіз сол аймақтағы сол ұлттың ғана тілі қолда-нылар еді. Алайда, төрткүл дүниеге тараған, бір-бірін түсінбейтін қанша-ма ұлт өкілдеріне ортақ діннің өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері болатыны сөзсіз.

Айталық, қытайша білмейтін қазақ Қытайға барса, көшеден шыққан қытай тіліндегі дауыстарды естісе де оны түсіне алмайды. Жергілікті тілде оқылған азанды да түсінбегендігінен, әлгі мүмін-қазақ намазын қазаға ұшыратып алуы мүмкін. (Қытайдағы мешіттер мұнараларымен ерекше-ленбейді). Сондай-ақ, Қазақстанға келген басқа ұлттар да мұсылмандар-дың өз тілінде орындап жатқан ғибадаттарынан ештеңе ұқпасы анық. Олай болса, мұндай жалпы әлемдік діннің өзіндік ортақ жақтары, ортақ тұстары болуы заңды. Бұл тұста азан мен қырағаттың орны ерекше екені кімге де болса мәлім.

Бұндай жайттарды күнделікті өмірде де кездестіруге болады. Айталық, Бі-ріккен Ұлттар Ұйымында да әрбір мүше мемлекет өзара белгіленген ортақ тілде ғана сөйлеседі. Ондайда әрбір мемлекеттің жеке бас пайдасы көздел-мейді.

Мәселенің тағы бір жағы, Құранның қандай да бір аудармасының ешқа-шанда түпнұсқаны толық қамти алмайтындығында.[1] Құран аяттарының әрбір сөзінің бірнеше мағынасы бар. Аудармада тек біреуі ғана беріледі. Тіпті кейде аятта қолданылған әрбір әріптің де өзіндік бірнеше мағынасы болады. Аудармада осы әріптердің өзіндік мағынасы мүлдем ескерілмей қалуы мүмкін. Яки біреуі ғана ескеріледі. Құранда белгілі бір мағынаны білдіретін бірнеше синоним сөздердің ішінен сөздің дыбысталу жағынан да, мағынаны қамту жағынан да ең қолайлысы таңдалған. Сондықтан, кейбір сөздің «сөздік мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баяндалайын деп тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны аудармада беру мүлдем мүмкін емес.

Ең бастысы, Құран сөздері оқыған адамды еш уақытта жалықтырмайды. Ал кез келген аударманы бірнеше рет оқыған адамның жалығары сөзсіз. Ал Құран сүрелерін оқығанда адам түсінбесе де ерекше рухани ләззат алады. Өйткені, Алла Тағала Құран сөздеріне осындай ерекшелік берген. Міне, сондықтан «Фатиха» сүресін күнделікті әр намазымыздың барлық рәкаттарында оқысақ та жалықпаймыз. Бұған қоса, Құранның өзіне ғана тән әуені мен әуезі оқыған адамның ішкі дүниесіне ерекше әсер етуі тағы бар.

Оқылған Құранның әрбір сөзіне, тіпті әрбір әрпіне сауап жазылатындығы көптеген хадистерде білдірілген. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім Алланың кітабынан (Құраннан) бір әріп оқитын болса, оған бір жақсылық жазылады. Ал әрбір жақсылық он еселенеді. Мен Әлиф, Ләм, Мимді (бәрін қосып) бір әріп демеймін, Әлиф – жеке бір әріп, Ләм – жеке бір әріп, Мим – жеке бір әріп. (әрқайсысына жеке-жеке сауап жазылады)»[2]-деген.

Ал кез-келген аударма Құранның дәл өзі болмағандықтан, оның әрбір әрпіне сауап жазылу ерекшелігі де жоғалады.
Намазды əр ұлт өз тіліндегі Құранның аудармасымен оқысын делік. Ал енді қай автордың аудармасын таңдаймыз. Міне осы жерде бітпес дау басталады. Ана аударма дұрыс, мынау шатасқан, мынаның тілі шұбалаңқы, ананікі ауыр дегендей. Аяғы қатты ауытқуға, адасу мен бөлінуге əкеп соқтырады.

Тағы бір баса айта кететін жайт, ол – намазда қолданылатын сөздердің көп емес, аз екендігі. Алдымен азан мен қамат, артынша «Аллаһу әкбар», «Субханака раббиял-а’зим», «Субхана раббиял-а’ләә» секілді қысқа қайы-рымдармен қоса «Фатиха» сүресі мен бір-екі қосымша шағын сүрелер. Барлығын қосса бір беттен де аспайды. Бұлардағы сөздердің көбі мағына-лары оңай жатталатын, мұсылмандардың көбіне ортақ қолданатын сөз-дері. Намазға жаңа жығылған жас бала да бұлардың мағыналарын бір үйреніп алса өмірі ұмытпасы анық.

Бұл дүниелік болмашы тірліктер үшін үлкен-үлкен сөздіктер жаттап, шет тілін үйренетіндер мәңгілік ғұмыр үшін Алла Тағаланың сөздерінен бір бетті жаттай алмаса, онда: «Ғибадат-құлшылықтарымызға Алла Тағала емес, керісінше біз зәруміз» деген шүбәсіз шындықты әркез есте ұстаған абзал.

Бөлісу: 

Пікір 3

Міндетті*

  1. : Қайрат ағаның бұл мақаласын оқыдым өзінің парақшасынан. Толық қосыламын. Барлығы біліп жүруі керек.
  2. : Осы сұрақ мені мазалап жүрген. Рахмет Қайрат Жолдыбайұлы. Алла разы болсын сізге!
  3. : Негізі қазақ тіліндегі аудармасы дұрыс сияқты. Не айтып тұрғаныңды түсінесің. Бастысы іштей ниет түзу болса болды ғой. Шын ниетпен оқысаң ана тіліңде оқысаңда Алла тілегіңді қабыл етеді деп ойлаймын.