Nukte.kz > Қоғам > Мақала мазмұны

Рентгеннен келген ажал

Ауыл халқын тегін рентгендік флюрадан өткіземіз деп бір адамды күйдіріп алған. Оқиға 29 маусым күні ШҚО, Үржар ауданы, Көлденең ауылында болды. Ауыл тұрғындарының айтуынша жылжымалы будкаға адамдар кіріп, флюорографияға түсе бастаған. Кенет күн күркіреп, жауын басталады. Тұрғындар «Темірдің ақырындап тоқ соғып тұрғанын» ескертеді, бірақ облыстан келген маман «200 адамды түсіріп үлгеру керек екендігін» айтып, жұмысты тоқтатпайды. Кезек 58 жасар Иван Голубинге келгенде тоқтың күші көбейіп, бірден қаза болған. Олбыс әкімінің баспасөз хатшысы Нұржан Есенжоловтың айтуынша, Иван Голубиннің қазасына басқа да себептер әсер етуі мүмкін, нақты жауап экспертиза шешімінен кейін шығатыны айтып отыр.

Жары Людмила Голубинаға телефон арқылы хабарласып, мән-жайды сұрағанымзда ол: – Келген көлік екі күн тұрды, кірген адамдардың барлығын тоқ соққан, олар тоқ соғып тұр деп, бірнеше рет ескерткен. Жаңбыр құйып тұр, олар менің күйеуім қайтыс болғанша тоқтатпады. Қолымда екі немерем бар және  кәрі шешем де күйеуімнің табысына қарап отырған. Бұл оқиғаға тікелей облыстан келген маман кінәлі. Күйеуінің қазасына себеп болғандар тиісті жазаларын тартады,-дейді.

Ал, ауылдық әкімшілікке хабарласқанымызда бұл оқиғаның өздеріне еш қатысы жоқ екендігін ескертті.

Санат НҰРБАЙ

Сурет: epm-med.ru

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*