Nukte.kz > Жаһан > Мақала мазмұны

БҰҰ баяндамашысы: Хашогиді Сауд Арабиясының жоғары шенділері өлтірді

БҰҰ-ның заңсыз әрі соттан тыс өлім жазалары жөніндегі арнайы баяндамашысы Хашогиді Сауд Арабиясының жоғары шенділерінің өлтіргенін айтты.

Хашоги

Al Alam арнасының мәліметі бойынша, Агнес Калламард бейсенбі күні Джамал Хашогиді өлтіру ісіне қатысты: «Бұл қылмыс заңсыз өлім жазасы саналады. Саудиялық шенеуніктердің қылмыстағы рөліне байланысты бұл іске қатысты шынайы әрі сенімді тергеу жұмыстары жүргізілуі керек»,- деді.

Саудиялық прокурор Сауд бин Абдулла әл-Муджеб: «Қолда бар мәліметтерге сәйкес, тілшіні алдын ала жоспар бойынша өлтірген. Тергеу жұмыстары ақиқатты анықтап, қылмыскерлерді әділ сотқа тапсырғанша жалғасады»,- деді.

Сонымен қатар британиялық азаматтар Лондондағы Сауд Арабиясы елшілігінің алдында жиналып, Ұлыбританияның бұл режимге қару-жарақ сату жөніндегі әріптестігін тоқтатуды сұрады.
Бейсенбі күні ұйымдастырылған наразылық шеруіне қатысқандар Сауд әулеті режимінің қылмыстарын айыптап, «Сауд әулеті режиміне өлім!», «Бин Салманға өлім!», «Қару-жарақпен қамтамасыз етуді доғарыңдар!» және «Хашоғджидің тағдыры туралы ақиқатты анықтаңдар!» деп ұрандатып, Сауд режимін биліктен құлатуды сұрады.

Бөлісу: 

Пікір 0

Міндетті*