Nukte.kz > Hi-Tech > Мақала мазмұны

Meizu Pro 7 және Pro 7 Plus смартфондары шықты

Бұл гаджеттердің басты ерекшеліктері диагоналы 1,9 дюйм болатын түрлі-түсті артқы дисплейлерінің (240 × 536 пиксел) болуы. Артқы дисплей арқылы уақытты көруге, хабарламаларды оқуға және селфи жасауға болады. Артқы қосарланған камералар 12 Мп болса, алдыңғысы 16 Мп.

Смартфондар металмен қапталған. Саусақ ізін сканерлеу диспейдің астыңғы жағындағы mTouch кнопкасы арқылы жүзеге асады. Оған бар болғаны 0,15 секунд кетеді дейді білгіштер. Меломандар үшін CS43130 Master HIFI чипы қойылған. Құлаққап үшін 3,5 миллиметрлік тесік бар.

Pro 7 және Pro 7 Plus смартфондарының дисплейлері сәйкесінше 5,2 (1920×1080 пиксел) және 5,7 дюйм (2560×1440 пиксел) болып келеді. Зарядканың 50% 30 және 20 минут ішінде алынады.
Процессорлары: 2,6 ГГц жиіліктегі 8 ядролы Helio P25 және 2,5 ГГц жиіліктегі 10 ядролы Helio Х30.

Жады: 4 ГБ RAM/64 ГБ ROM және 6 ГБ RAM/64 немесе 128 ГБ ROM.

Аккумулятор — 3 000 мА/сағат және 3 500 мА/сағат.

Бағалары 430 және 530 АҚШ доллары шамасында болады.

Бөлісу: 

Пікір 6

Міндетті*

  1. : Қытайларың қатырады. Түптің түбінде олар айфонды да ығыстырып шығарады-ау шамасы.
  2. : Айфонды ығыстыра алмайды. Ол үшін Стив Джобс болу керек. Ал ешкім ол бола алмайды.
  3. : оны уақыт көрсетеді
  4. : Бәрі бір китайски ғой.
  5. Мақсат: Ал, ең бастысы, қаншама қытайлық болсада біздің ел шығара алмайды. Және қазір техникасы айфонға жетпеседе қалыспайды. Озіміз қол жекізе алмағанға күлебермей мақтай білейік, және үйренейік.
  6. : Осы неге біздің ел техналогия жақтан дами алмаймыз?